«Әпке»: театр – қоғамның айнасы және гендерлік теңдікке жолFarabi University

«Әпке»: театр – қоғамның айнасы және гендерлік теңдікке жол

16 ақпан, 2025

Студенттердің мәдени білімін арттыру және Тұрақты даму мақсаты (ТДМ 5: «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту») аясында 2025 жылдың 15 ақпаны аға оқытушы Абдулжанова М.А. және «Микробиология» мамандығының 1-курс студенттері театрға «Әпке» спектаклін тамашалауға барды.

Бұл спектакль әйелдердің отбасы мен қоғамдағы рөлі, өзін-өзі құрбан ету, гендерлік стереотиптер мен теңсіздік мәселелерін қозғайды. Басты кейіпкердің тағдыры әйелдердің өз болашағын өзі анықтай алмауы, қоғамдық нормалардың қысымы және олардың армандары мен жеке қалауларының екінші орынға ығыстырылуы туралы ойландырады.

Студенттер спектакльді талқылау барысында гендерлік рөлдер, отбасылық міндеттер мен жеке амбициялардың теңгерімі, әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндіктердің маңыздылығы сияқты мәселелерге тоқталды. Мәдениет пен өнер – әлеуметтік нормаларды қайта қарау және гендерлік теңдікті ілгерілету үшін қуатты құрал.

«Әпке» – жай ғана театрлық қойылым емес, заманауи қоғамдағы әйелдердің құқықтары мен рөлі туралы ойлануға тағы бір мүмкіндік. Біз барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін бастамаларды қолдауды жалғастырамыз, өйткені гендерлік теңдік – әділетті және үйлесімді қоғамның негізі.