Тілдік және мәдени әралуандық - тұрақты болашақтың негізі

БҰҰ-ның Халықаралық ана тілі күні қарсаңында Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдік студенттер қауымдастығы UN Plaza кеңсесінде мәдени шара ұйымдастырды. Оған өз мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің бай тарихын көрсеткен 30-дан астам түрлі ұлт өкілдері қатысты. БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және Қазақстандағы БҰҰ-ның Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек мырза ашылу салтанатында сөз сөйлеп, кездесу жұмысына сәттілік тіледі.
Бұл іс-шара маңызды мәдени оқиғаға айналып қана қоймай, БҰҰ-ның бірнеше тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) негізгі аспектісі болып табылатын тілдік және мәдени әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын танытты. Атап айтқанда, ол ТДМ 4-тармағын (Көпшілікке білім беру) қамтып қана қоймайды, білім берудің түрлі жүйелерінде ана тілдерін таратуға және сақтауға ықпал етеді. мысалы бүгінде әлем бойынша хинди тілінде 534 млн., араб тілінде 420 млн., француз тілінде 320 млн., орыс тілінде 258 млн адам сөйлейді екен. Ал Памир тілі бүгінде жойылып бара жатқан тілдердің санатына енеді және бұл тілде тұтынушылар саны 1 млн-ға да жетпейді екен.
Осындай халықаралық шаралар арқылы әлемдегі аз ұлттардың ана тілдерін қолдау және ілгерілету бағытының өзекті екенін таныту. Атап айтар болсақ, тілдік әртүрлілік инклюзивті қоғамдарды құрудың маңызды элементі болып табылады, мұнда азшылықтардың құқықтары құрметтеледі және мәдени және білім беру ресурстарына қолжетімділік деңгейі барлығына бірдей (ТДМ 10-тармақ).
Іс-шара сонымен қатар жаһандық контексте тұрақтылық пен бейбітшілікке ықпал ететін мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністік үшін кеңістік құру маңыздылығын көрсетті.
Қорытындылай кетсек, іс-шара тұрақты дамудың жаһандық міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған бірлескен бастамаларды құру үшін әртүрлі ұйымдар, университеттер мен мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету қажеттігін көрсетті.
Ошанова Орынтай,
ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация
кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор
Басқа жаңалықтар

