Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени атташесі Масуд Шейх Зейнаддин мырзамен кездесу

9 қаңтар, 2016

Кездесу барысында дипломат Иран тарапының парсы тілін оқитын студенттерге әрі қарай да қолдау жасай беретіндігін, қос диплом саласы бойынша магистранттар мен докторанттар алмасу, бакалаврларды даярлау, Иранға оқытушылар мен студенттерді тілдік тәжірибе бойынша жіберу мәселелері бойынша жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында Зейнаддин мырза факультет студенттерімен кездесті, ирантану орталығын тамашалады.