- Басты бет
- Жаңалықтар
- Генетикалық зерттеулер: Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығындағы инновациялар
Генетикалық зерттеулер: Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығындағы инновациялар

2025 жылдың 21 ақпаны күні Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-2) аясында «Генетикалық зерттеулер: Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығындағы инновациялар» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны генетика және молекулалық биология кафедрасының б.ғ.д., профессор Б.О.Бекманов және педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының аға оқытушысы М.Мырзагулова жетекшілігімен «8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1-ші курс докторанттары ұйымдастырды.
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-2) бойынша бакалавр 3-курс "Генетика" мамандығының студенттері үшін "Генетика және физиология" институтының зертханаларымен танысу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында студенттер генетикалық зерттеулердің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығындағы рөлін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
ГМО мен селекциялық жетістіктердің әсері және ауыл шаруашылығындағы қолдану, өнімділікті арттыруға бағытталған генетикалық әдістермен таныстырылды. Сондай-ақ, ТМД 2 бағдарламасы бойынша толық мағлұматтармен танысты. Оларға генетика саласындағы заманауи әдістер, заманауи технологиялары мен олардың ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мағлұмат берілді. Тәрбие сағаты студенттердің ғылыми қызығушылығын арттырып, болашақ зерттеулерге ынталандырды.