Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніFarabi University

Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні

28 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасында №3 ТДМ «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» аясында Орфандық (сирек кездесетін) аурулар күніне арналған іс-шара өтті. Бұл шара сирек кездесетін аурулар, олардың диагностикасы, емдеу әдістері және пациенттерге әлеуметтік қолдау көрсету туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Орфандық аурулар – диагностикасы күрделі және емдеу мүмкіндіктері шектеулі сирек патологиялардың тобы. Қазақстанда және әлемде бұл мәселе медицина қауымдастығының, мемлекеттік құрылымдардың және ғылыми ұйымдардың ерекше назарын талап етеді.

Ұйымдастырушылар: Акимниязова А.Н., Үрнеш Н.Ө., Ахаева Т.А., Сейталиева А.М., сондай-ақ «Медицина» мамандығының 24-01 тобының студенттері: Акпамбетов И.Д., Бисембаев М.Ж., Варельджан Д.И., Даиров И.Ж., Қойшыбек Д.Е., Лю А.А., Мади А.К., Полатбеков Р.А., Саттаров И.Е., Хайдарова М.С., Шегай Л.П.