«Құқықтық мәдениет және жастар: құқық бұзушылықтың алдын алу»

2025 жылғы 26 ақпанда экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес-технологиялар" кафедрасы 1-3 курс студенттеріне "Кәмелетке толмағандар, ЖОО студенттері арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу"тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс – шарағақатысқандар: Дюсембаев Сержан Кудайбергенович- Бостандық ауданы ПБ БКП бастығы, полиция майоры, Әбишева Лаура Болатжановна - Бостандықауданы АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры, Трубникова Анна Александровна-психиатр-нарколог дәрігер.
Спикерлер жастар арасындағы құқықбұзушылықтар, олардың пайда болу себептері жәнеалдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтыпберді. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттердің заңдысалдары және нашақорлық әдеттерініңстуденттердің өміріне әсері талқыланды. Іс-шарағақатысушылар құқықтық сауаттылық пен жекеқауіпсіздікке қатысты өзекті сұрақтарға жауапалды. Іс-шара студенттер мен кәмелеткетолмағандардың заңды сақтау қажеттілігі туралыхабардарлығын арттыруға, өз іс-әрекеттерінежауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға жәнежастар ортасында қылмыстың алдын алудыңмаңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Іс-шара нашақорлыққа қарсы күрес, салауаттыөмір салтын насихаттау және қоғамныңқауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ТДМ 3 міндеттерімен тікелей байланысты.
Ұйымдастырушылар "Бизнес-технологиялар" кафедрасының ПОҚ болып табылады.
Басқа жаңалықтар

