Жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыруFarabi University

Жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру

28 ақпан, 2025

2025 жылдың 28 ақпанында сағат 14:00-де Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Гумарова Ш.Б., Исабаева Б.К., Құдайбергенова Л.Е., Утебекова А.С., Мырзахмет М.Ж. және Режеп А.С.  Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестік жобасы аясында және №5 тұрақты даму мақсаты "Гендерлік теңдік" шеңберінде "Жастар арасында берік отбасылық құндылықтарды қалыптастыру" тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің қазақ және орыс бөлімдерінің 1-курс студенттері қатысты.

Бұл іс-шара жастарға отбасының маңыздылығын түсіндіру, отбасылық дәстүрлерді нығайту, және үйлесімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін құндылықтарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Аудиторияны интерактивті тапсырмаға тарту үшін қатысушылар отбасылық құндылықтар туралы өз көзқарастарын талқылады. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) "Аударма ісі" мамандығының 1-курс студенті Эльнура Насипкалиева "Отбасының жеке тұлға дамуына әсері" тақырыбында презентация жасады. Сонымен қатар, студент Mansur Md Saifullah  (Bangladesh)  "Бангладештегі гендерлік теңдік" тақырыбында баяндама жасап, отбасылық құндылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әлеуметтік және гендерлік теңдік мәселелерін қозғады. Спикерлер отбасының адам өміріндегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара аясында студенттердің "Біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз" тақырыбында шығармашылық жұмыстарын қорғауы өтті. 1-курс студенттері Қайырова Ильнара, Әріпжан Шырын, Бағыбаев Еркебұлан, Бақыт Акерке, Садыков Тимур, Горохов Серафим, Айткалиев Ердоc, Тасанов Санжар, Жарылқасын Бекарыс және Жақсыбек Бексанат өздерінің плакаттары мен постерлерін ұсынып, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін ашып көрсетіп, оның алдын алу қажеттігін атап өтті. Жұмыстарын қорғау барысында қатысушылар өз ойларын түсіндіріп, мәселені шешу жолдары туралы ұсыныстар айтты. Абен Аруназ әлеуметтік желілердегі сауалнама нәтижелерін және бейне-сұхбаттарды ұсынды.

Іс-шараның соңында қатысушылар Kahoot платформасында онлайн-викторина өткізіп, отбасылық құндылықтарға байланысты негізгі ұғымдарды бекітті.

Іс-шара аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

https://drive.google.com/file/d/156fMNlpDYY-KoOe39C7lluoJro0HhRX3/view?usp=sharing