ҚазҰУ-да мейірімділік тақырыбында кураторлық сағат өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты – қоғамда мейірімділік пен өзара қолдау мәдениетін насихаттау және жастар арасында ізгілікті дәріптеп, жанашырлық дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға университет басшылары, оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастар қатысты.
Кураторлық сағатта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Білім берумен қатар жастардың санасына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік қағидаттарын сіңіру қажет» деп атап өтті.
Қазақ тілін меңгерген ғалым-оқытушы Ниномия Такаши: «1 наурыз – Алғыс айту күні әртүрлі мәдениеттер мен этностар арасындағы толеранттылық пен өзара көмекті бағалаудың, адамдар арасындағы мейірімділіктің маңыздылығын еске салады. Мен Қазақстандағы көшбасшы жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқып, жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Көптеген достар таптым, қажетті білім алып, қазақ тілін үйрендім. Қазақстанға және оның халқына ризамын, мұнда мен екінші Отанымды таптым», – деді.
Кураторлық сағаттар 1 наурыз күні барлық студенттердің қатысуымен факультет аудиторияларында жалғасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

