Гидро және атом энергетикасына басымдық беріледі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Корея гидро және атом энергетикасы орталық ғылыми-зерттеу институтының (KHNP) делегациясымен кездесті.
Ректор кездесуде ҚазҰУ-дың Оңтүстік Кореяның 60 университеті және ұйымдарымен, соның ішінде Сеул ұлттық университеті, Каннам университеті, Пусан шет тілдер университеті, Донгук университеті және басқалармен тікелей серіктестік орнатқанын атап өтті. Ынтымақтастық студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, профессорлар шақыру, PhD докторанттарға басшылықты жүзеге асыру сияқты бағыттардың кең спектрін қамтиды.
ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында корейтану пәні бар. Университетте Халықаралық корейтану орталығы табысты жұмыс істейді, оның мақсаты – корейтанушы ғалымдардың, оқытушылардың, докторанттардың және студенттердің Корея тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы және корей тілін кешенді зерттеу үшін күш-жігерін біріктіру.
Сондай-ақ ЖОО басшысы ҚазҰУ-дың әлемдік ғылыми орталықтармен ынтымақтасуы үшін жеткілікті ресурстарға ие екенін атап өтті. ҚазҰУ-дың ядролық физика саласындағы әлеуеті зор. Су ресурстары саласында география және табиғатты пайдалану факультетіндегі Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығында (УРиРП) ғылыми жобалар іске асырылуда. Алда әлі көп жұмыс бар, сондықтан университет әлемдік ғылыми орталықтармен байланысты дамытуды көздейді. Kореялық әріптестермен бірлесіп Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ғылыми орталық құру бастамасы перспективті болмақ.
Кореяның гидро және атом энергетикасы орталық ғылыми-зерттеу институтының басшысы Хо Чхоль Шин қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, ҚазҰУ ғалымдарымен ядролық физика саласында тәжірибе алмасуға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.
Ынтымақтастықты дамыту және одан әрі өзара іс-қимыл бағытын талқылай отырып, тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

