Театрға бару – бұл кішкентай мереке

Театрға бару – бұл кішкентай мереке. Театр құрмет пен ұқыптылықты қажет ететін күрделі шығармашылық процесс. Біз болып жатқан оқиғаға баға беру арқылы сахнадан энергия алып шығамыз.
Осындай мерекені біз Компьютерлік ғылымдар кафедрасының оқытушылары ұйымдастырып таетрға бардық. Сахнадағы көріністен біз ләззат алып, ішкі жан дүниемізбен сезініп, керемет көңіл күймен шықтық. Театр білімі мен тәрбиесі көрермендер мәдениетінің негіздерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ұлттық болмысымызды бейнелей алатын театр өнерінің қоғамдық өмірдегі орны әрқашан биік болғанын, әрі қарай да солай бола бермегін айтқымыз келеді. Мазмұны мен көркемдігі жарасқан театрлық шығармалар қатары көбейе берсе екен деген тілегіміз де бар. Алтын уақытымызды арзан күлкі мен мағынасыз сауыққа жұмсағанша, театрға барып, рухымызды кемелдендірейік.
Компьютерлік ғылымдар кафедрасының ұжымы
Басқа жаңалықтар

