Қазақстан халықтары Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шарада марапаттау
                        28 ақпан, 2025                    
                 
                2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халықтары Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шарада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері марапатталды. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушылары Мартыненко Ирина Ивановна - "Құрмет грамотасы" және Шепетюк Наталья Михайловна - "Алғыс хат"білім беру саласындағы адал еңбегі және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін марапатталды. ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ МАРАПАТТАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
 
         
                                 
                                