ТДМ: Солтүстік-Батыс Политехникалық университетінің профессоры Лю дәріс оқыды
28 ақпан, 2025

Компьютерлік ғылымдар кафедрасының 4-курс студенттері аға оқытушы Б. Мәткерімнің жетекшілігімен Солтүстік-Батыс Политехникалық университетінің Қазақстандағы филиалына барып, профессор Людің «Silicon Brushstrokes: DeepSeek's Technical Framework for Intelligent Systems» тақырыбындағы дәрісіне қатысты.
Дәріс барысында студенттер LLM модельдерінің жұмыс алгоритмдерімен, DeepSeek технологиясының артықшылықтары мен ерекшеліктерімен танысты. Профессор Лю тыңдаушыларға DeepSeek-ты тиімді пайдалану тәсілдері жөнінде кеңес беріп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Бұл кездесу студенттерге жасанды интеллект саласындағы заманауи жетістіктер туралы тың білім алуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025