Ақпараттық мәдениетті дамыту абзалFarabi University

Ақпараттық мәдениетті дамыту абзал

5 наурыз, 2025

Қайрат МАРАТҰЛЫ, 
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті м.а.:

1. Сіздіңше, ЖОО-ның «Үздік оқытушысы» қандай бо­луы керек, қандай талаптарға (педагогикалық, психо­ло­гиялық және т.б.) жауап беруге тиіс?
2. Пәніңіз бойынша оқу бағдарламасы көңіліңізден шыға ма, сіздің ойыңызша, оны жетілдіру үшін не істеуге болады?
3. Білікті маман даярлауда қандай жетістіктеріміз бар?
4. Жастардың білім деңгейі көңіліңізден шыға ма?
5. «Қоғам сауатсызданып барады» деген көзқа­рас­пен келісесіз бе?

1. Менің түсінігімде, үз­дік оқытушы терең кәсіби бі­лімі, педагогикалық шебер­лігі және студенттермен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен ерекшеленуге тиіс. Ол заман талабына сай инновациялық әдіс­терді меңгерген, студент­тер­дің қызығушылығын оятып, оларға қолдау көрсететін мейі­рімді әрі әділ тұлға бо­л­ғаны абзал. Өйткені ұстаз қандай бол­са – оның тәрбиелеген, бі­лім берген шәкірттері сондай болып шығады. Сондықтан қа­зіргі заманғы ұстаз үнемі өзін-өзі жетілдіріп, білімін әрдайым толықтырып отырғаны жөн. Үздік оқытушы болғаннан кейін атына заты лайық болып, ұжым­да, көпшілік ортада өз­ге­лер­ге үлгі-өнеге көрсе­те­тіндей болмыс-бітімің де болуы қа­жет.

 

2. Біздің оқу бағдар­ламасы негізінен жақсы, бірақ оны үз­дік­сіз жетілдіру қажет. За­ма­науи технологияларды, өзекті ғылыми жетістіктерді енгізу және тәжірибелік компо­нент­терді арттыру маңызды. Сон­дай-ақ студенттердің сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар көбейтілуі керек. Себебі бүгінгі студент – ертеңгі маман. Ел тұтқасын ұстайтын да солар. Сондықтан универ­си­теттен маманды білікті етіп дайындап шығару – біздің міндетіміз. Оқу бағдар­ла­ма­ларын барынша практикамен, өндіріспен ұштастыра әзірлеп, жетілдірудің мәні өте зор.

 

3. Бізде ғылыми-зерттеу жұ­­мыстарын қолдау, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық аясында студенттерді шет­ел­дік тағылымдамаларға жіберу сияқты жетістіктер бар. Соны­мен қатар түлектеріміздің ең­бек нарығында сұранысқа ие болуы біздің оқытушы­лары­мыз­дың жастармен бірлесе жүргізген еңбегінің жемісі деп санаймын. Осыған орай, қара шаңырақ ҚазҰУ оқытушылары жетістікті одан әрі арттыру жолында аянбай тер төгетініне кәміл сенімдімін.

4. Шынын айту керек, жас­тардың білім деңгейі әртүрлі. Кейбірі өте дарынды әрі білімді болса, басқаларына мотива­ция жетіспеуі мүмкін. Бұл мә­се­лені шешу үшін жеке тә­сілдер қолдану және оқыту әдіс­терін жетілдіру қажет. Қа­лай болғанда да, жас­та­ры­мыздың білімді болғаны керек. Өйткені сауатты жастар өмірде түрлі келеңсіздіктен бойын аулақ салады. Мысалы, діни ағымдардың, қаржылық пи­ра­мидалардың, бүгін бар да, ер­тең жоқ желілік бизнестің құр­баны болмайды. Қылмыс жа­­с­амайды, жаман әдеттен ау­лақ жүреді. Яғни жетістікке жетудің жеңіл жолын таң­да­майды. Демек, білім – үлкен қару. Жақсы мағынасындағы қару. Сондықтан Қазақстан азаматтарының білімді, кітап оқитын жастары көп болса деген тілегім бар.

5. Бұл пікірмен толық ке­лісу қиын. Қоғамда білім мен ақпа­рат­қа қолжетімділік бұ­рын­ғы­дан әлдеқайда жоғары. Де­ген­мен кейбір адамдардың ақ­паратты талдау және дұрыс қолдану қабілеті төмендеуі мүмкін. Сондықтан сауат­ты­лық тек білім алумен шек­тел­мей, ақпараттық мәдениетті дамыту арқылы қолдау табуы тиіс.

Гүлзат

НҰРМОЛДАҚЫЗЫ