ҚазҰУ халықаралық байланысын нығайтудаFarabi University

ҚазҰУ халықаралық байланысын нығайтуда

6 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының атқарушы директоры Карина Ангелиеваны қабылдады.

Кездесуде тараптар әріптестік байланысты арттыру және  ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесін талқылады.

Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев Карина Ангелиеваны Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының директоры  болып тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Өз сөзінде ректор ҚазҰУ орталықпен әрдайым ғылыми серіктестікті арттыруға мүдделі екенін айтты.

Өз кезегінде Карина Ангелиева ілтипат білдіргені үшін білім ордасының басшылығы мен ұжымына ризашылығын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

Келіссөз нәтижесінде тараптар болашақта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласып, естелік сыйлықтармен алмасты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі