“Достығымыз жасасын: ғаламдық серіктестікті нығайту” атты іс-шара өтті

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты – «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік»шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және Бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының 1-курс докторанттары педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыруы кезінде ашық тәрбие сағат өткізді.
2025 жылдың 6 наурызында Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Қусмолдаева Ж.Н және тәжірибе жетекшісі д.э.н., профессор Адамбекова А.А.-ның жетекшілігімен «Менеджмент» білім беру бағдарламасының ағылшын бөлімінің докторанттарының педагогикалық тәжірибелері барысында “Достығымыз жасасын: ғаламдық серіктестікті нығайту” атты іс-шара өткізді. Бұл іс - шара БҰҰ тарапынан 2030 жылға дейін белгіленген Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты – «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» мақсатында іске асыру құралдарын нығайту және Ғаламдық әріптестік аясындағы жұмысты жандандыруға негізделді. Іс-шара барысында Қытай және Қазақстан елдерінің Жаңа жыл мейрамдарын тойлау кезінде өткізілетін түрлі фестивальдар мен ойындары туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Әр елдің докторанттарының өздерінің салт-дәстүрлерін көрсете отырып, ұлттық тағамдарын дайындап әкеліп, бөлісті. Көрермен болып жиналған жас буын студенттері үшін өте қызықты сағат болды, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шын көңілмен тыңдап отырды.
Тәжірибе барысында әрбір іс-шараны Тұрақты даму мақсаттарымен ұштастыра отырып, ұйымдастырған д.э.н., профессор Адамбекова А.А. докторанттар Гао Пей, Ли Син, Ли Илин, Рен Гайсиа мен қазақ докторанты Канжанова Б.Г.-ға жетекшілік етті.
Басқа жаңалықтар

