ҚазҰУ-да білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету бойынша сараптамалық стратегиялық сессия өттіFarabi University

ҚазҰУ-да білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету бойынша сараптамалық стратегиялық сессия өтті

7 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: академиялық тәсілдер және инновациялық шешімдер» тақырыбында сараптамалық стратегиялық сессия өтті.

Сессияның басты мақсаты – еңбек нарығы мен білім беру саласын үйлестіру жағдайында білім беру бағдарламаларының (ББ) тиімділігін бағалау және жасанды интеллект саласының дамуын талқылау болды.

Сессия барысында Жомартова Ш.А. «Жоғары білімдегі микробіліктіліктер: GreenTech Horizons жобасы аясында даму мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, Erasmus+ жобасы туралы, оның мақсаттары мен міндеттері жайлы айтты.

Жоба жасыл және цифрлық дағдыларды бизнес білімдерімен ұштастыратын инновациялық электрондық оқыту экожүйесін құруға бағытталған. Оқытудың заманауи әдістері мен MOOК платформаларын пайдалану арқылы модульдік, икемді және ыңғайлы білім алуға мүмкіндік беріледі.

Сессия білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және оларды заманауи талаптарға сәйкестендіру бойынша ой-пікір алмасу алаңына айналды.