8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіндегі құттықтауы сөзі

Құрметті оқытушы ханымдар,
қызметкер азаматшалар,
білім алушы қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Қыз-келіншектер Отанымызды дамытуға елеулі үлес қосып жатыр.
Өз кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді әйелдеріміз аз емес.
Сондай-ақ өндірісте, ғылымда және спортта табысқа
жеткен аруларымыз көп.
Қазақстандағы ұстаздардың басым көпшілігі – әйелдер.
Сіздер жас ұрпақты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулып жүрсіздер.
Ұлт саулығын жақсартуға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Қазақстанның көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген осындай жандар зор құрметке лайық», – деп атап өткен болатын.
Бүгінгі күні мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше мән беріп келеді.
ҚазҰУ қызметкерлерінің 68,42 пайызы (3522) – әйелдер қауымы.
Осының 36,3 пайызы (1279), яғни тең жартысы ғылыммен айналысады.
Университетіміздегі 647 ғылым докторының 385-і – әйел ғалымдар.
697 ғылым кандидатының 499-і – әйел ғалымдар.
588 PhD доктордың 394-і тағы да әйел ғалымдар.
Оған қоса, 1 ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының 3 корреспондент-мүшесі бар.
Жалпы алғанда, ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының 71,6 пайызы (1750) әйел азаматшалардан құралады.
Университетте халықаралық, республикалық ғылыми жобаларға 133 ғалым-әйел жетекшілік етеді.
2024 жылы Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында университетіміздің 36 оқытушы-профессоры үздіктер қатарынан көрінді.
Олардың 63,8 пайызы (23) – әйел азаматтар.
Ал әкімшілік басқару бағытының 72,54 пайызы (214) – іскер әйел-ханымдар.
Қызмет көрсетуші мамандар құрамында 62,99 пайыз (521) әйел адам жұмыс істейді.
Университетіміздің 90 жылдық мерейтойында ҚазҰУ-дың 46 қызметкері ҚР Президентінің мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Оның 25-і (54,3 пайыз) – әйел азаматтар.
Оның ішінде 1 адам – ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, 1 адам – «Парасат» орденімен,
6 әйел – «Құрмет» орденімен, 11 әйел – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 3 әйел азамат – «Шапағат» медалімен марапатталды.
1 адам – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 3 студент қызымыз ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар университетіміздің 22 қызметкері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградасымен марапатталды.
Оның 18-і (81,8 пайыз) – әйел азаматтар.
Оның ішінде 16 ғалым-әйел – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және
2 ғалым-әйел – «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Оқу ордамыздың 28 әйел қызметкері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградасымен марапатталды.
Оның ішінде 8 әйел – «Еңбек ардагері» медалімен, 7 әйел– «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен,
7 әйел – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» құрметті төсбелгісімен, 6 әйел – Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 5 жас ғалымына пәтер кілтін сыйлады.
Олардың 4-еуі – ғалым қыздар.
«Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасымен университетімізден 16 оқытушы грант жеңіп алды.
Қазір жас ғалымдарымыз Польша, Ұлыбритания, Германия, АҚШ елдерінде 6-12 ай аралығында тағылымдамадан өтіп жатыр.
Олардың ішінде 9 жас ғалым қыздарымыз бар.
Басшылық қызмет атқарып жүрген әйел азаматтар:
4 департамент директоры, 2 орталық директоры, 8 декан, 53 кафедра меңгерушісі.
Қазіргі таңда университетімізде 28 904 студент білім алуда.
Оның 17 834-і (61,7%) – ер бала, 11 070-і (38,2%) – қыздар.
Құрметті университетіміздің әйелдер қауымы!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!