«Операцияларды зерттеу және оңтайландыру әдістерінің мәселелері: операциялық немесе стратегиялық міндеттердің практикалық және прагматикалық шешімдері»Farabi University

«Операцияларды зерттеу және оңтайландыру әдістерінің мәселелері: операциялық немесе стратегиялық міндеттердің практикалық және прагматикалық шешімдері»

3 наурыз, 2025

2025 жылдың 3 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде «Жасанды интеллект және Big Data» және «Ақпараттық жүйелер» кафедралары ұйымдастырған «Операцияларды зерттеу және оңтайландыру әдістерінің мәселелері: операциялық немесе стратегиялық міндеттердің практикалық және прагматикалық шешімдері» тақырыбында халықаралық воркшоп және дөңгелек үстел өтті.

Шақырылған қонақ – Вильнюс техникалық университетінің (Гедиминас, Литва, Вильнюс) IT-технологиялар кафедрасының профессоры Леонидас Сакалаускас.

Іс-шараның мақсаты – операциялық зерттеулердің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін мамандар арасындағы ғылыми байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ жаңа идеялар мен келешегі зор зерттеу нәтижелерімен еркін алмасуды қамтамасыз ету.

Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы шараның маңыздылығына тоқталып, ынтымақтастықтың келешегі зор екенін атап өтті.

Баяндамалармен келесі ғалымдар сөз сөйледі:
    •    «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі М.Е. Мансурова – «Қазақ тіліндегі үлкен тілдік модельдер (LLM) және олардың журналистика мен әлеуметтік медиаға әсері» тақырыбында баяндама жасады.
    •    «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1-курс докторанты Күмісбек Мұхаммед-Али (ғылыми жетекшісі – PhD, А.Н. Шормакова) – «Әлеуметтік инженерия шабуылдарының алдын алу үшін үлкен тілдік модельдер негізінде нейрондық желі модельдерін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.