8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University

8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

8 наурыз, 2025

Құрметті ҚазҰУ-дың оқытушы ханымдары,

қызметкер азаматшалары, білім алушы қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аналар мерекесіне арналған салтанатты жиында: «Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Әйелдер қауымы санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып отыр. Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді», – деп атап өтті.

Бүгінгі күні мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға ерекше мән беріп келеді.

Әйелдер қауымы ұрпақты білім мен ғылымға тартуда, жастарға ұлттық тәрбие беруде өлшеусіз еңбек сіңіруде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына  әйел ғалымдарымыз үлкен үлес қосып отыр.

ҚазҰУ қызметкерлерінің  68,42 пайызы (3522) – әйелдер қауымы. Осының 36,3 пайызы (1279), яғни тең жартысы   ғылыммен айналысады.

Университетіміздегі 647 ғылым докторының 385-і – әйел ғалымдар.

697 ғылым кандидатының 499-ы және 588 PhD  доктордың 394-і – әйелдер.

Сонымен қатар әйел ғалымдардың арасынан шыққан   1 ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының 3 корреспондент-мүшесі бар.

Университетте халықаралық, республикалық ғылыми жобаларға 133 ғалым-әйел жетекшілік етеді.

Ал әкімшілік басқару бағытының 72,54 пайызы  (214) – іскер әйел-ханымдар.

Қызмет көрсетуші мамандар құрамында 62,99 пайыз  (521) әйел адам жұмыс істейді.

Университеттің 90 жылдық мерейтойында ҚазҰУ-дың 46 қызметкері ҚР Президентінің мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Оның 25-і (54,3%) – әйел азаматтар.

Оның ішінде 1 адам – ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, 1 адам – «Парасат» орденімен, 6 әйел – «Құрмет» орденімен, 11 әйел – «Ерен еңбегі үшін» медалі және басқа да марапаттар.

Сонымен қатар университетіміздің 22 қызметкері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің  ведомстволық наградасымен марапатталды. Оның 18-і (81,8%) – әйел азаматтар.

Оқу ордамыздың  28 әйел қызметкері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің  ведомстволық наградасымен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 12 жас ғалымы пәтер алды. Оның 8-і – ғалым қыздар.

Қазіргі таңда университетімізде 28 904 студент білім алуда.

Оның 17 834-і (61,7%) – ер бала, 11 070-і (38,2%) – қыздар.

Құрметті ҚазҰУ арулары!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуаныш-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Жадырап жеткен көктемнің мерейлі мерекесі сіздерді жақсылық пен қуанышқа, ырыс-берекеге бөлесін.

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ