- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да «Key trends and challenges in Central Asia» тақырыбы аясында Халықаралық дөңгелек үстел өтеді
ҚазҰУ-да «Key trends and challenges in Central Asia» тақырыбы аясында Халықаралық дөңгелек үстел өтеді
Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстандық-америкалық сарапшылар кеңесі қызметінің аясында Америкалық және Демократиялық Зерттеулердің Ресурс Орталығы (АДЗРО) және Қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері бойынша институт «Key trends and challenges in Central Asia» тақырыбы аясында Халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.
Негізгі спикер доктор Ф.Стар ТМД елдері, атап айтқанда, Орталық Азия мен Кавказ бойынша сарапшы. Доктор Старр – Вашингтон әкімшілігінің сыртқы саясатына көзқарастары тікелей әсер еткен ғалымдардың бірі. Үлкен Орталық Азия және Жаңа Жібек жолы жобаларына арналған жұмыстары ерекше рөл атқарады.
Дөңгелек үстелге қатысуға университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен жас ғалымдар шақырылады!
Іс-шараны халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы өткізеді, ұйымдастырушылар: Чукубаев Е.С., Кукеева Ф.Т., Байзакова К.И.
Өтетін уақыты: 20.01.2016, басталуы сағат 15.30
Өтетін орны: Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, 218 аудитория
Байланыс тел.: 2 43 83 27