I-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2016 өз жұмысын аяқтады

20 қаңтар, 2016

ҚазҰУ-да өткен «Психологтың Кеңес беру тәжірибесіндегі қазіргі заманғы технологиялар» атты I-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2016 өз жұмысын аяқтады.

Мектеп жұмысына Қазақстанның әр аймақтарынан - Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Алматы қалаларынан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Алматы облыстарынан келген денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің жетпіс шақты психолог - мамандары (мектептер, ЖОО, орталықтар) мен студенттер қатысты.

Қысқы Психологиялық мектептің мақсаты - психологиялық қызметтің интеграция жағдайындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату және дамыту.

Қысқы Психологиялық мектептің бағдарламасы жан-жақты қамтылды.

Өткізілген шеберлік сабақтарының және тренингтардың тақырыптары өзекті мәселелерге арналды:

1) Сапарова И.А. Психологиялық кеңес беру кезеңдері: теориядан тәжірибеге дейін.

2) Садыкова А.Т. Эмоциялық күйіп-жанудың алдын алу.

3) Логинова М.Н. Психолог жұмысындағы метафоралық ассоциативті карталар.

4) Колмогорова Е.А. Сот тәжірибесіндегі әлеуметтік-психологиялық зерттеулер (Отбасын психологиялық зерттеу әдістемелері).

5) Хусаинова И.Р. Онкологиялық қызметтегі медициналық-әлеуметтік көмек. Онкологиялық стационардағы психологиялық көмек мүмкіндіктері.

6) Дуйсегалиев А.Ж. Шығыс психологиясы дәстүріндегі отбасылық және тұлғалық қатынастар консалтингінде жүйелік ықпал принциптерін қолдану.

Мектепті аяқтаған қатысушылар ҚазҰУ Біліктілікті Арттыру Институтының сертификаттарына ие болды (көлемі 36 сағат)

I-ші Республикалық Қысқы психологиялық мектеп ұйымдастыру алқасы: ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің Психологиялық Қолдау Орталығы, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы және ҚазҰУ Біліктілікті Арттыру Институты.

Ұйымдастырушы-модераторлар – Кабакова М.П., Файзуллина А. К.