Ғылым және білім – бірлікке апарар жолFarabi University

Ғылым және білім – бірлікке апарар жол

12 наурыз, 2025

🔹 ТДМ 4 – Сапалы білім беру мақсатына сай 06.03.2025 күні Экономика кафедрасы «6В04109 - Цифрлық экономика» мамандығының 3 курс студенттерімен «Ғылым және білім – бірлікке апарар жол» тақырыбында тәрбиелік маңыздылығы бар іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шараның өткізілу мақсаты – студенттерге рухани құндылықтардың, білім мен ғылымның маңыздылығын, ғылым және діннің бірлігіңің мәнін түсіндіру, толеранттылық пен өзара құрметті дамыту болды.

🔹 Тәрбие сағатының жалғасы ретінде студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына барып, университеттің бай тарихымен танысты. Университет мұражайындағы экскурсия студенттердің білім көкжиегін кеңейтті, олар ҚазҰУ-дың мәдени және ғылыми мұрасы туралы мол танымдық ақпарат алды. Бұл күнгі іс-шара студенттерге рухани және интеллектуалды тұрғыдан маңызды тәжірибе сыйлады.

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Г.К.Иляшова.