- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОР ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОР ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
2 наурыз, 2025

- ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев пен ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
- Ректор «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер» атағы иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.
- Оқу ордасының басшысы «Цифрлық трансформация жағдайындағы кітап ісінің баспа технологиялары мен бизнес-модельдері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі.
- ҚазҰУ басшысы Ғылыми кеңес отырысын өткізіп, қысқы емтихан сессиясы және 2024-25 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы индикативтік жоспардың орындалуы қорытындыланды.
- ЖОО ректоры Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
- Жансейіт Қансейітұлы Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қуандық Кадировпен жүздесті.
- Ректор оқу ордасының ұжымы мен білім алушы жастарын Алғыс айту күнімен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025