- Басты бет
- Жаңалықтар
- Көшбасшылық дәрісі «Қазақстан Республикасындағы тауарларды кедендік рәсімдеу логистикасы
Көшбасшылық дәрісі «Қазақстан Республикасындағы тауарларды кедендік рәсімдеу логистикасы

ТМД-ның 4-МАҚСАТЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ мақсатын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылдың 14 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінде, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Логистика» мамандығының 2-3 курс студенттеріне «MERAS GROUP» халықаралық компаниясының кеден жұмыстары жөніндегі менеджері Садуақасов Абай Айтмұқашұлының «Қазақстан Республикасындағытауарларды кедендік ресімдеу логистикасы» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті.
Іс-шараның басында ASDECOR компаниясыныңлогисті, бірінші курс магистранты Мұрат Нұрдәулет үш негізгі қызмет түрімен айналысатын«MERAS GROUP» Халықаралық компаниясынтаныстырды қызметінің тәжірибесімен бөлісті: «Meridyan» – дәмдеуіштерді, шөптерді жәнеәртүрлі ингредиенттерді жеткізуге маманданғандистрибьюторлық компания; «ASDECOR» - кондитерлерге арналған супермаркеттер желісініңфраншизасы; және қоймалық логистикағамаманданған «Талант логистикасы» жаңа бағыты.
Садуақасов Абай өз сөзінде «MERAS GROUP» халықаралық компаниясының кедендік қызметініңтәжірибесімен бөлісті. Ол компанияның қоймақызметіне де назар аударды. Спикер тауарлардыкедендік ресімдеудің қыр-сырына және рәсімінетоқталды. Сәдуақасов Абай атап өткендей, логистика болашақта ең сұранысқа иемамандықтардың көптеген рейтингтерінде жетекшіорын алады. Материалдық-техникалық қамтамасызету саласында еңбек нарығында сұранысқа иебәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, мансаптықжәне кәсіби өсу мүмкіндіктері, адамның өзмансабында және өмірінде биіктерге жетуінеқажетті көшбасшылық қасиеттерді дамытумәселелері талқыланды.
Дәріс соңында қатысушы оқытушылар мен студенттер сұрақ-жауап алмасып, қызықтыпікірталас жүргізді.
Ұйымдастырушылар: Бизнес-технологияларкафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., куратор-эдвайзерлер Баймуханбетова Е.Е., МухамедиеваГ.М., магистранттар Мұрат Н., Әмірхан Б., Рахатова А., Утарғалиева А.
Басқа жаңалықтар

