Рамазан — бейбітшілік пен әділеттіліктің айнасыFarabi University

Рамазан — бейбітшілік пен әділеттіліктің айнасы

16 наурыз, 2025

14.03.25г. «ТДМ 16 - Бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар» аясында Рамазан айы, әрі Көрісу күніне орай, Менеджмент БББ 2 курс студенттері су мен финиктер таратып, игі акция ұйымдастырды.

Рамазан айында жасаған әрбір жақсы іс — қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті күшейтудің бір қадамы. Бір-бірімізге мейірімді болып, әділдік пен шынайылықты ұстану маңызды. Жүрегімізде тыныштық орнап, айналамызға жылулық сыйлай білейік.

Рамазан мүбәрак болсын! Әділеттілік пен бейбітшілік жолында бірге болайық!

Ұйымдастырышулар: Менеджмент 2 курс, қазақ тобы студенттері, куратор - аға оқытушы Тасжарғанов С.И.