- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейіне бару
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейіне бару

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай 2025 жылдың 13-наурызында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2 курс студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейіне» барды. Музейде белгілі қазақстандық суретші Ибрагим Кубековтың «Екінші тыныс» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Қазақстандық шебердің жеке көрмесінде суретшінің 2023-жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін жасаған 70-тен астам графикалық және көркем туындылары ұсынылған. Суретшінің «Қала тарихы» «Қара дос», «Өткен ғасырлардың құдайлары мен аңыздары» сияқты графикалық туындылары ерекше әсер қалдырады. Шебердің жұмысы өзінің идеялық жолында өте позитивті, оптимистік, кейде мазақ және ирониялық, бірақ біздің терең түйсігімізде жасырынған ішкі рухани қағиданы көруге болады. Ибрагим Кубековтың көзқарасы мен санасы оны қоршаған шексіз, әдемі әлемді түсіну мен бейнелеуде жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер ашатындығын байқауға болады.
Студенттерге Ибрагим Кубековтың «Екінші тыныс» атты жеке көрмесі өзіндік ерекше әсер қалдырды.
Басқа жаңалықтар


