IX Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 14 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде «Химиялық физика және наноматериалдар» тақырыбында IX Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар – химиялық физика және материалтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және профессор Мансұров З.А. жетекшілігіндегі «Жану мәселелері институты» РМК-ның жас ғалымдары.
Конференция барысында әртүрлі мамандықтар бойынша білім алатын 47 студент – бакалаврлар, магистранттар және докторанттар ғылыми баяндамаларымен сөз сөйледі. Үздік баяндамалар I, II және III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды. Барлық қатысушыларға конференцияға қатысқаны жөнінде сертификаттар табысталды.
Конференцияның мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, кәсіби және жеке әлеуетті дамыту, шығармашылық қабілеттерді ашу, студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына және өз мүмкіндіктерін дәлелдеуге жағдай жасау. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттырып, түлектеріміздің еңбек нарығындағы сұранысын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

