Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр
.jpg)
17.03.2025 күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай және ТДМ-4 “Сапалы білім беру” бағытының негізінде «6В04103-Экономика» ББ 2 курс студенттерімен «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр» атты кураторлық сағат өткізілді. Ұлттық салт-дәстүр күні жастар үшін ерекше мазмұнға ие, өйткені ол еліміздің тарихын және руханиатын дәріптейді. Салт-дәстүріміз ғасырлар бойы қалыптасып қалған құндылығы, әлеуметтік – мәдени мұрасы болып табылады.
Бұл күн мәдениет, өнер мен ұлттық салт-дәстүр насихатына арналған. Қазақ мәдениетінің түп негізі жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделеді, оның ішінде, өзгені түсінуге ұмтылу, өзара көмек пен ынтымаққа негізделген қарым-қатынас қағидалары халықты біртұтас ұлтқа айналдыруда аса маңызды. Сондықтан 16 наурыз тақырыбы жастарға ата-бабамыздың рухани-практикалық және мәдени тәжірибесін еске түсіріп, одан сабақ алуға мүмкіндік береді.
Студенттеріміздің салт-дәстүрлер туралы білімін артыру үшін презентациялар көрсетілді. Ұлттық салт-дәстүр күніне арналған мәдени және танымдық іс-шаралар жастар арасында дәстүрімізге деген қызығушылығын арттырды деген сенімдеміз.
Куратор Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

