Студенттермен көрісу «Амал» мерекесі және ораза «Ауызашар» іс-шарасы өтті.
.jpg)
14.03.2025 ж. Сағат 17.00-19.00, Экономика және бизнес жоғары мектебі №16 студенттер үйі, мәжіліс залында ЭжБЖМ ОПҚ қолдауы арқасында Студенттермен көрісу «Амал» мерекесі және ораза «Ауызашар» іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты -ТДМ 3,4,10,16 көрсеткіштерін негізге ала отырып студент жастарымыздың арасында халқымыздың дәстүрлі ұлттық құндылықтары мен қайырымды істерін насихаттау, көрсету болып табылды.
Ісшара бағдарламасына сай оқытушылар мен студенттердің қатысуымен көрісу амал мерекелік концерті және арнайы ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада ЭжБЖМ деканы Ғ.Р.Даулиева ханым студенттерге осы мерекеміздің мән мағнасы туралы ұлттық салт дәстүріміз бен тарихымыздан сыр шертіп таратып айтып бергенде студенттеріміздің қуанып, рухтанып, шаттанғанын көрдік. Сонымен қатар, осы мерекелік кешке Студенттік қалашықтың бас маманы Б.Қ.Диханов, Студенттер үйінің комменданты Р.К.Байсейітова ханым мен ЭжБЖМ аға эдвайзерлері И.О.Кулиев, Д.Р.Тураров мырзалар және эдвайзер Г.К.Иляшова ханымда қатысып жүрекжарды тілектерін жеткізді. Студент жастарымызда өз тарапынан осы шараны ұйымдастырған, қолдау көрсеткен барша ұстаздарымызға үлкен алғысын айтты.
Басқа жаңалықтар

