ТДМ 3. «Стресті басқару стратегиялары және ми денсаулығы»

2025 жылғы 17 наурызда биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Камзанова А.Т. 6В05109-Нейроғылым мамандығының студенттерімен кез келген жастағы кез келген адамның салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ТДМ 3 шеңберінде «Стресті басқару стратегиялары және ми денсаулығы» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс бағдарламасы ми мен стрестің өзара байланысы туралы түсінікті дамытуға, сондай-ақ нейроғылым деректері негізінде өмірдің стресс факторларына жауап берудің бейімделу формаларын қалыптастыруды қолдаудың негізгі дағдылары мен жолдарын үйретуге бағытталған. Бұл сабақта стресстік реакциялардың қалыптасу механизмдері мен жағдайлары, стрестің когнитивті денсаулыққа әсері, күйзеліспен күресу әдістері қарастырылды. Қосымша тапсырма ретінде студенттер қоршаған орта факторларын, әлеуметтік ортаны, ми қызметтерін, нейротрансмиттерлерді, гормондарды, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін қамтитын стресс реакциясының қалыптасуына талдау жасады.
Басқа жаңалықтар

