«Көрісу күні» мерекесіне арналған іс-шараFarabi University

«Көрісу күні» мерекесіне арналған іс-шара

16 наурыз, 2025

14 наурыз күні Қазақ Ұлттық Университетінің, биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасынының оқытушыларымен МБ 23-01К тобының 2-ші курс студенттері және МБ 24-01 Р тобының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Көрісу күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

  1. Студенттерге ұлттық тәлім-тәрбие беру;      өз ұлтының салт-дәстүрлерін ұстанып, оны қадірлеуге тәрбиелеу.
  2. Жоғары оқу орынында білім алушы студенттерді сыйластыққа, татулыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

14 наурыз Республикамызда Наурыз мейрамының басы - Көрісу күні аталып өтеді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-қолаңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы болып саналады. Адамзаттың аузы аққа, мал аузы көкке тиетін шақ. Ұлы Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып» деп жырлайды. Аталған дәстүрдің тарихына үңілетін болсақ, ерте кезде көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыз қыс айларында бір-бірімен көрісе алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып, амандық-саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалса керек. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілейді. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Осы күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көріседі.

Биотехнология кафедрасында Микробиология мамандығы бойынша білім алып жатқан МБ 23-01 К тобының 2-ші курс және МБ 24-01 Р тобының 1 курс студенттері 14 наурыз күні «Көрісу күні» мерекесіне белсенді қатысты, бір- бірін құттықтап, көрісу салтын жасады.


Ұйымдастырушылар: МБ 23-01 К тобының 2-курс студенттері және МБ 24-01 Р тобының 1 курс студенттері

Куратор эдвайзерлер Уалиева П.С., Абдулжанова М.А.