«ДҰРЫС МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖЕТІСТІКТІҢ БАСТАУЫ»
.jpg)
2025 жылдың 6 наурызында Ақтау қаласындағы №3 және №5 мектептерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі экономика кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру кездесулері өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие экономикалық мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру және олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес дұрыс таңдау жасауына көмектесу.
Кездесу барысында мектеп түлектеріне «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтарының ерекшеліктері, олардың болашақтағы мүмкіндіктері мен маңыздылығы туралы кеңес берілді. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алу тәжірибесі, оқу барысы және университеттің артықшылықтары жайлы жан-жақты мағлұмат ұсынылды.
Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби дамуына ықпал етті. ЖОО-ға түсуді жоспарлап жүрген түлектер үшін пайдалы ақпараттар мен мотивациялық кеңестер беріліп, қызықты сұхбаттар ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының меңгерушісі Кондыбаева С.К., Кафедра оқытушылары: Нұрғазы Ш.Ә., Есенгелдиева Г.Т., Андабаева Г.К., Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., Кулиев И.У., Садық І.Е. экономика мамандығының 4-курс студенті.
Басқа жаңалықтар

