«ЖАҢАРУ» - ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ!Farabi University

«ЖАҢАРУ» - ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ!

23 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінде 2025 жыл, 19 наурыз күні ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың ұжымдық, жеке шаңырағында жаңа кезеңнің басталуын білдіретін «Жаңару күні» тойланды. Бұл шара ТДМ 15 «Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру» мақсаты мен   ҚазҰУ ғы «Наурызнаманың» онкүндігінің «Жаңару күніне» орай ұйымдастырылды.

Шара барысында  Факультет кеңселері мен кафедраның ыдыстарындағы гүлдерге қажет тыңайтқыштар мен топырақтары жаңартылды. Жаңарудың мақсаты өткеннің тамаша сәттеріне көз жүгіртіп, болашаққа жаңа үмітпен қадам басатын сәт. Сондықтан «Жаңару» күні барша азаматтар ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға, қоршаған ортасын көркейтуге өз үлесін қосуды мақсат ететіні анық!.

Ұйымдастырушылар: ЭжБЖМ деканы Ғ.Р.Даулиева; аға эдвайзерлер: Тураров Д.Т., Кулиев И.У.; Жетекші мамандар: Нусупбаева Ж.Н, Хаметова А.Л.