Жасанды интеллект ғылым мен генетика тоғысындаFarabi University

Жасанды интеллект ғылым мен генетика тоғысында

25 наурыз, 2025

Молекулалық биология және генетика кафедрасының “8D05104-Генетика мамандығының 1-курс докторанттары  Ермекова М.Ш.,  Иманбай А.Қ. ұйымдастыруымен 3курс “6В05103-Биотехнология” студенттерімен «Жасанды интеллект Ғылым мен генетика тоғысында» атты тақырыпта кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге ғылым мен технологияның қалайша бір-бірімен байланысып, өзара әсер ететінін түсіндіру және болашақта осы салаларда жаңашылдықтар мен зерттеулер жүргізу үшін мотивация беру. Бұл кураторлық сағат жас ғалымдар мен болашақ мамандардың өзара тәжірибе алмасуы мен жаңа технологиялардың өмірімізге тигізетін ықпалы жайында түсінік алуына мүмкіндік берді. Қазіргі таңда жасанды интеллект пен генетика салаларының интеграциясы біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуге әлеуеті бар. Студенттерге жасанды интеллект технологияларының генетикадағы қолданылуы, ДНҚ зерттеулерінде ЖИ көмегімен жасалатын жаңа әдістер мен болашақтағы мүмкіндіктер туралы айтылды.