Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор лауазымына байқау жарияланадыFarabi University

Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор лауазымына байқау жарияланады

27 наурыз, 2025

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – QS WUR жаһандық рейтингінде әлемдегі үздік 200 университеттің қатарына енген алғашқы қазақстандық ЖОО. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

3) ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы.

Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады: 

1. бекітілген үлгідегі өтініш;

2. конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3. конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса, қызмет тізімі;

4. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы көшірмелері:

5. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес, №075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды); құжаттарды ұсынған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде берілген;

7. мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;

8. мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;

9. қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысына тапсыру қажет. Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: +7 701-801-86-88.

ӨТІНІШ