- Басты бет
- Жаңалықтар
- Дөңгелек үстел: «Цукуба университетінен келген профессорлармен, студенттермен кездесу»
Дөңгелек үстел: «Цукуба университетінен келген профессорлармен, студенттермен кездесу»

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай, 2025 жылдың 14-наурызында медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында Цукуба университетінен келген профессорлармен, студенттермен факультеттің профессор оқытушылары мен «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы С.Б. Калмаханов құттықтау сөз сөйлеп, ұтқырлық бойынша өткізілетін шаралармен таныстырды. Кафедраның доценті, м.ғ.к. Ф.А. Искакова университет, факультет туралы ауқымды презентация жасап, баяндама жасады. Цукуба университетінен келген студенттер өздерін таныстырып, «Жапон елдіндегі сақтандыру жүйесі», «Поллиативті көмек», «Телемедицина», «Жедел медициналық көмекті ұйымдастыру» туралы баяндама жасады. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының студенттері сұрақтар қойып, қызу талқылау түрінде өтті.
Факультет ұжымы «14-наурыз Көрісу күні – Амал мерекесі» қарсаңында ұтқырлық бағдарламасы бойынша Цукуба университетінен келген қонақтарға ұлттық нақыштағы сыйлықтарды тарту етті.
Басқа жаңалықтар


