Қонақ дәрісі: «Студенттердің ораза кезіндегі дұрыс тамақтану ережелері»

19-наурыз 2025 ж. сағат 12.30-да Фараби кітапханасының 303-залында Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, Республикалық деңгейде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қожахметова Айгүл Нағашбекқызы «Студенттердің ораза кезіндегі дұрыс тамақтану ережелері» атты дәріс оқыды. Студенттер көптеген сұрақтар қойып, дәріс қызу талқылау түрінде өтті. Дәріскер барлық сұрақтарға толық, ауқымды түрде жауап берді. Сондай-ақ, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Қоғамдық денсаулық мамандығының» студенттері дұрыс тамақтану ережелері бойынша кері байланыс ретінде ойындар ұйымдастырып, онлайн-тестілеу жүргізді. Сонымен қатар, дәрісті Zoom арқылы басқа да медициналық университеттердің студенттері де қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Дұрыс тамақтану ережелері бойынша өткізілген дәріс өте ауқымды, толық, ақпаратты болды. Дәріскерге алғысымыз шексіз.
Басқа жаңалықтар


