Экология және Денсаулық: Тұрақты Болашақ үшін Табиғатпен ҮйлесімFarabi University

Экология және Денсаулық: Тұрақты Болашақ үшін Табиғатпен Үйлесім

26 наурыз, 2025

20 наурыз күні Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінде Тұрақты даму мақсаттары аясында «Экология және Денсаулық: Тұрақты Болашақ үшін Табиғатпен Үйлесім» тақырыбында дебат форматында тәрбие іс-шарасы өтті. Іс-шараны 1 курс докторанттары Кабдылқанова Эльмира, Базаралиева Айгерім және Іргелі медицина кафедрасының доценттері Қалыкова А.С., Картбаева Э.Б. ұйымдастырды.
Дебатқа "Фармация" мамандығының белсенді студенттері қатысып, экология және денсаулық мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді. Талқылау барысында қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері, олардың адам денсаулығына әсері, сондай-ақ табиғатпен үйлесім арқылы тұрақты болашаққа жету жолдары қарастырылды.