Ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясы
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2025 жылы 1 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Алматы қаласының әкімдігі бірлесіп "Ғылым, бизнес және өндіріс интеграциясы" атты конференцияның өтетінін хабарлайды. Конференцияның негізгі мақсаты – бизнес және өндіріс, ғылым мен инновацияны танымал ету алаңын құру. Сонымен қатар, конференция аясында ҚазҰУ-дың ғылыми қызметіне және негізгі жобаларға шолу жасалынатын болады.
Конференция маңызды ғылыми инновациялық мәселелерді талқылайтын белсенді алаңға, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың шешімдерін іздейтін және жаңа идеяларды әзірлейтін орын болады. Конференцияның ғылымға, инновацияға, бизнес және өндіріске қатысты жобаларға инвестиция тартудың катализаторы болады. Конференцияны ұйымдастырушылар қатысушыларға үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді, бұл әртүрлі елдер мен мәдениеттердің қатысушылары арасындағы өзара әрекеттесу мен пікір алмасуды тереңдетуге ықпал етеді.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
- Ғылыми қауымдастықтардың әзірлемелері, инновациялық ғылыми жобалар мен зерттеулердің тұсаукесері.
- Ғылым мен бизнестің ынтымақтастығының сәтті жағдайларын, сондай-ақ осы өзара әрекеттесудегі проблемалық аспектілерді қарастыру.
- Ғылым мен технологияны дамытудың қалалық стратегиясы.
- Ғылыми жобаларды іске асыруда қала алдында тұрған проблемалық мәселелер мен сын-қатерлер.
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Farabi hub».
Басталуы: сағат 11.00.
Басқа жаңалықтар

