Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің нақыл сөздеріFarabi University

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің нақыл сөздері

30 наурыз, 2025

Әл-Фараби – адамзаттың екінші ұстазы атанған ұлы тұлға. Шығыс ойшылы кейінгі ұрпаққа тарихи, мәдени және рухани мол мұра қалдырды. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. «6В04103-Экономика» ББ 2 курс студенттерімен «Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің нақыл сөздері» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл жиында Әл-Фарабидің адами болмыс, мінез-құлық, білім-ғылым төңірегіндегі нақыл сөздері қарастырылып, талқыланды. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру», ТДМ4 бағытына сәйкес келеді.

Куратор Андабаева Г.К