Адамның тіршілік ету ортасының сапасы

2025 жылғы 1 сәуірде «Адамның тіршілік ету ортасының сапасы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 6, ТДМ14, ТДМ 15шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шараға «Логистика» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында жергілікті қауымдастықта қалдықтармен күресу, денсаулықты жақсарту және суды үнемдеу бойынша қазіргі фактілер көрсетілді. Қалдықтармен күресу, қоқысты сұрыптау, суды үнемдеу мәселелері жөнінде нақты және тиімді ұсыныстар ұсынылды. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың назарын экологиялық мәселелерге аудару және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды қадам болды.
Бұл тақырып тек студенттер мен жастар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық деңгейдегі қоғам мүшелері үшін де өте маңызды. Қоғамдық тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - әрбір адамның жеке жауапкершілігі. Бұл іс-шараның мазмұны мен нәтижелері болашақ ұрпақ үшін ғана емес, қазіргі қоғам үшін де пайдалы болып, экологиялық мәселелерге деген жалпы сананы арттыруға көмектеседі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: э.ғ.к., доцент Кожамкулова Ж.Т., оқытушы Муса Қ.А., «Маркетинг» тобының 1-курс магистранттары Ракишова А.,Патчаханова Ф.
Басқа жаңалықтар

