
2025 жылғы 1 сәуірде «Менің қалам – менің болашағым» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шараға «Логистика» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Бұл іс-шара студенттер арасында экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға үлкен ықпал етті. Студенттер бұл іс-шара арқылы өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін сезініп, Алматының дамуына ықпал ету жолдарын тереңірек түсінді. Сонымен қатар, іс-шара барлық қатысушыларға экологиялық проблемаларды шешуде және тұрақты қалалар құруда бірлесе жұмыс істей алатынымызды көрсетті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: э.ғ.к., доцент Кожамкулова Ж.Т., оқытушы Муса Қ.А., «Маркетинг» тобының 1-курс магистранттары Ракишова А., Патчаханова Ф.
Басқа жаңалықтар

