ТДМ 4 – Сапалы білім беру: "Жемқорлыққа жол жоқ – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"Farabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім беру: "Жемқорлыққа жол жоқ – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"

2 сәуір, 2025

Жемқорлыққа жол жоқ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жемқорлық – мемлекеттік институттарға деген сенімді бұзып, қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі. Бұл құбылыспен күресу тек қатаң заңнамалық шараларды ғана емес, сонымен қатар азаматтардың, әсіресе жастардың белсенді қатысуын қажет етеді.

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы кураторлық сағат аясында бұл мәселенің негізгі қырлары: себептері, көрініс формалары мен салдары талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға ерекше көңіл бөлінді. 2-курс студенттері Қылмыстық кодекстің тиісті баптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар және азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдері туралы ақпарат алды. Сондай-ақ жемқорлықтың моральдық-этикалық аспектілері мен оның қоғамдық құндылықтарға әсері де сөз болды.

Талқылау барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, әртүрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықпен күрес мысалдарын келтіріп, мәселені шешудің ықтимал жолдарын ұсынды. Қорытындысында: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталуы тиіс, ал әрбір адам әділетті және адал қоғамды қалыптастыруға жауапты екені айтылды.

Электроэнергетика БББ, 227-топ
Куратор-эдвайзер: Султангазина М.Н.