SDG 3 - Денсаулық пен амандықFarabi University

SDG 3 - Денсаулық пен амандық

2 сәуір, 2025

Физикалық плазма, нанотехнологиялар және компьютерлік физика кафедрасының доценті міндетін атқарушы Утегенов А.У. студенттер арасында қызықты теннис жарысын өткізді. Турнирге жоғары физикалық дайындық пен командалық рухты көрсеткен белсенді және спортсүйер қатысушылар жиналды. Жарыс достық атмосферада өтіп, студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жеңімпаздар мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар оқытушылар мен студенттер арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.