Тазалық-табалдырықтан басталадыFarabi University

Тазалық-табалдырықтан басталады

14 наурыз, 2025

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының қазақ бөлімінің 303-304 топтарымен тұрақты қалалар мен елді мекендер (11.2.6 - Мәдени мұраны есепке алу және сақтау) тұрақты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру барысында “Тазалық-табалдырықтан басталады” тақырыбында қалалық сенбілікке тысты. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Сенбіліктің басты мақсаты – университетті ретке келтіру, оны ең жақсы экологиялық таза ауданға айналдыру, студент жастардың еңбекқорлығын тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен өркендеуіне өз үлесін қосу.