ТДМ №4: Сапалы білім беру. Кафедра ЖИжәнеBDFarabi University

ТДМ №4: Сапалы білім беру. Кафедра ЖИжәнеBD

6 наурыз, 2025

06.03.2025 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының  кураторы Карымсакова Дария Тлетаевна өзінің “Интеллектуалды басқару жүйесі” мамандығының  23-01группасы 2 курс  студенттерімен бірге "Ана - Өмір шуағы" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Бұл шараның мақсаты – студенттерге ананың қоғамдағы және отбасының өміріндегі ерекше рөлін түсіндіру, ананың мейірімділігі мен сабырлылығын бағалау, және анасына деген құрмет сезімін ояту. Сонымен қатар, бұл кураторлық сағат барысында ананың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды рөлі, оның балаларына деген шексіз махаббаты мен қамқорлығы туралы сөз болды. Студенттер ананың өміріміздегі орны туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, аналарға арналған алғыс сөздерін айтты.

Ұйымдастырушы: кураторы Карымсакова Дария Тлетаевна.