Магистранттардың халықаралық ғылыми тағылымдамасы

Ресей Халықтар достастығы университетінің Аграрлық-технологиялық институтында 20 наурыз бен 3 сәуір аралығында молекулалық биология және генетика кафедрасының 2 курс магистранттары “Агробиотехнология және өсімдіктердің молекулалық генетикасы”атты халықаралық көктемгі мектебінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама аясында студенттер Институттың жетекші оқытушыларынан молекулалық генетика және биоинформатика бойынша дәріс алды. Тағылымдаманың лабораториялық бөлігі “Меристема” зертханасында өткізіліп, студенттер молекулалық биология және биотехнология әдістерімен, атап айтқанда мәдени өсімдік сорттарын микроклональды көбейту; ДНҚ экстракциясы және ПТР, real-time ПТР әдістерімен жұмыс жасады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

