Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясыFarabi University

Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы

3 сәуір, 2025

3 сәуір 2025 жылы «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» атты 3-секциясы өткізілді.

Конференцияның 3-секциясына арналған жинаққа Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен 75 тезис енгізілді, оларды биология және генетика саласындағы әртүрлі мекемелер ұсынды, олардың арасында Зоология институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлиев атындағы Қазақстан-Ресей медициналық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Қазақ ғылыми-зерттеу ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы институты, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-техникалық университеті және басқалары бар.

Халықаралық конференцияда 25 ауызша баяндама және 2 стендтік баяндама тыңдалды.

Конференция қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:

• 1 орын дипломын Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 4-курс студенті Қоңыр Бибібатима Сәкенқызы алды.

• 2 орын дипломын Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 4-курс студенті Ибрагимова Лейла Адиковна және Қазақ ғылыми-зерттеу ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы институтының кіші ғылыми қызметкері Майкотов Бекжан Нуркадамулы алды.

• 3 орын дипломын Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 4-курс студенттері Избасарова Ақбота, Халматова Рената Рамельевна, Марат Жанар Жанатқызы алды.

ҚазҰУ молекулалық биология және генетика кафедрасы студенттеріне Бектасов Зұлхарнай, Казанбасов Темирхан Серикович және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Амангелдиев Олжас Маратұлы сыйға (ҚазҰУ логотипі бар күнделіктері) тартылды.

Барлық конференция қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы