ТДМ 5: Гендерлік теңдік. "Отбасы және отбасылық құндылықтар"

28.03.2025.
"ТДМ 5: Гендерлік теңдік" жобасы аясында "Компьютерлік инженерия" мамандығының 3 курс студенттері "Отбасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында студенттер отбасының қоғамдағы рөлін, отбасылық құндылықтардың маңыздылығын және олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін талқылады.
Студенттер отбасындағы сыйластықтың, өзара түсіністіктің және қолдаудың маңыздылығын атап өтті және әр адамның өмірінде отбасылық әл-ауқаттың қандай рөл атқаратынын талқылады. Студенттер отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту әркімнің жауапкершілігі екенін және олар жалпы қоғамның тұрақтылығына әсер ететінін атап өтті.
Бұл кураторлық сағат студенттерге отбасының жылуы мен жақындарының сүйіспеншілігі әр адамның өмірін бақытты ететін рухани байлық екенін тағы бір рет түсіндірді!
Куратор-эдвайзер: Байтенова С. А.
Басқа жаңалықтар

