ҚазҰУ-да «Ғылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» форумы өттіFarabi University

ҚазҰУ-да «Ғылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» форумы өтті

3 сәуір, 2025

2025 жылғы 2 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Ғылым, бизнес және өндірістің интеграциясы» форумы өтті. Шара Farabi HUB инновациялық орталығын аралаудан басталып, қатысушылар ҚазҰУ-дың жетекші ғылыми-техникалық әзірлемелерімен танысты.  

Форумның негізгі мақсаты – ғылыми қауымдастық, кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инновацияларды экономика, қалалық басқару және өнеркәсіптік өндіріс салаларына тиімді енгізу.  

ҚазҰУ ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жансейіт Қансеитұлы Түймебаев форум қатысушыларына алғы сөз сөйледі. Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаев қала инфрақұрылымын дамыту, экология және цифрландыру мәселелері жөнінде баяндама жасады.  

Сонымен қатар, форум аясында механика-математика факультетінің деканы Н.С. Досжан RoboMech робототехника және мехатроника орталығын таныстырды.  

Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары А.К. Сахаева